Қарағандыдағы республикалық кәсіби шеберлік сайыстарына жүзге тарта энергетиктер қатысады

ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Дүйсенбі, тамыздың 23-і күні Қарағандыға энергия жеткізу ұйымдарының қызметкерлері арасындағы республикалық кәсіби шеберлік сайыстарының қатысушылары келе бастады. Бұл туралы «Қарағаны Жарық» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Сайыстар ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, Қазақстан энергетика қауымдастығының, «ҚКЖ» АҚ-ның, «Ордабасы корпорациясы» АҚ-ның бастамасымен өткізілгелі отыр. Бұл сайыстарға елдің әр аумағынан келген, 100-ге тарта адамнан құралған 12 команда қатысады», - делінген «Қарағанды Жарық» ЖШС баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Тамыздың 24-і күні, «Қарағанды Жарық» ЖШС арнайы оқу-жаттығу полигонында сайыстардың ресми ашылу салтанаты болады. Төрт күн бойы осы сала мамандары кәсіби икемдері мен шеберлік деңгейлерін көрсететін болады.

Соңғы жаңалықтар