Қарағандыдағы жиында полицейлер «Қазақстан-2050» стратегиясының іске асырылуын талқылады

ҚАРАҒАНДЫ. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды заң академиясында полиция қызметкерлерінің жиыны өтті. Ол Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» халыққа Жолдауын іске асыруға арналды, деп хабарланды Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

ҚР ІІМ кадр жұмысы департаментінің өкілі, полиция полковнигі Болат Қаженов жиналғандарға Жолдаудың негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Жиынның қатысушылары атап өткендей, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы стратегиялық құжат болып табылады, онда «болашаққа деген тұжырымдамалық бағдар көрсетіліп, жаңа бағыттар мен елдің даму көкжиектері айқындалған».

Соңғы жаңалықтар