Қарағандылық 76 жастағы марафоншы П.Сиротин Мәскеудің халықаралық бейбіт марафонына қатысты

ҚАРАҒАНДЫ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды әкімдігінде Мәскеудің халықаралық бейбіт марафонына қатысып,
None
None

туған жеріне оралған 76 жастағы марафоншы Павел Сиротинге құрмет көрсетілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Бұл марафон Мәскеу Олимпиадалық ойындардың өткізілгеніне 30 жыл толуына орай өткізілді. Зор күш-қуат пен намысшылдық таныта білген П.Сиротин 42 шақырым 195 метр қашықтықта 4 сағат 46 минут 44 секундта жүріп өтті. Бұл сапар Қарағанды қаласының әкімдігінің қаржылай көмегінің арқасында жүзеге асырылды», - деп атап өтті қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Зейнеткер П.Сиротин үшінші топтағы мүгедек екендігіне де қарамастан, классикалық марафондарға қатысуын жалғастыруда. Оның есебінде бұл 285-інші марафон. Қарағандылық марафоншы аңызға айналған Ленинград облысындағы «Өмір жолы» жүгіруіне де 25 рет қатысқан.

Соңғы жаңалықтар