12:19, 14 Тамыз 2010 | GMT +5
Қарағандылық азаматтың сөмкесінен 6-дана жалған жекебастың куәлігі табылды
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - Көлік сақшылары Көкшетау стансысының вокзалында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Ермек Асанов есімді қарағандылық азаматты полиция бөліміне жеткізді. Куәгерлердің қатысуымен азаматқа жеке тінту жүргізу барысында, оның сөмкесінен 6-дана жалған жекебастың куәлігі табылып, алынды,

деп хабарлайды Көкшетау стансысының ЖІІБ баспасөз қызметі.
Куәліктердің барлығы да ұсталған азаматтың атына жазылған екен. Ол бірнеше рет бас бостандығынан айырылған және де соңғы рет ол Қостанай қаласының №2 сотының шешімімен жазасын өтеп қайтқан. Алайда қарағандылық азамат түзу жолға түсудің орнына, тағы да қылмыс жасағаны үшін ұсталынып отыр.
Сараптама қорытындысы, қарағандылық жігіт көлік сақшыларына көрсеткен куәлік пен сөмкеден табылған 5-дана куәліктің жалған құжат екендігін анықтады.
Қазіргі танда оған қатысты ҚР ҚК 325 бабы 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.