Қарағандылық бүркітші Мақпал Әбдіразақова республикалық біріншілік жеңімпазы атанды

sp;КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Бүгін Көкшетаудағы Бұқпа тауы баурайында өткен құсбегілер республикалық біріншілігінде Қарағанды облысының өкілі Мақпал Әбдіразақова бүркітшілер арасында бірінші орынды еншілеп, арнайы кубок пен бағалы сыйлыққа иелік етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы бастығының орынбасары Шынарбек Батырхановтың айтуынша, саятшылар сайысына Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласынан 15 құсбегі қатысып, бақтарын сынаған көрінеді. Тәуелсіздік күніне орайластырыла өткізілген сайыс барысында саятшылар жемтікке, қоян мен түлкіге құс салу, құсты ұшырып, тұғырына қондыру, құс әбзелдері мен құсбегі киімі бойынша сынға түскен болатын. Екі күндік байқау қорытындысында бүркітшілер арасында ақмолалық Абылайхан Ізбасов екінші, ал қарағандылық Әліп Төребеков үшінші орыннан көрінді. Қаршыға салушылардан жамбылдық Мейіржан Ешметов пен Бауыржан Шернияз жеңімпаз атанды. Жасөспірімдер арасында Жамбыл облысының өкілі Бауыржан Шернияз, ақмолалық Денис Шейер, астаналық Еркебұлан Тоқтыбаев жүлделі орындарға көтеріліп, белгілі саятшы Нәсіп Батырханұлы атындағы арнайы жүлдемен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар