Қарағандылық Екатерина Чуйкина спорттық гимнастикадан әлем кубогының жүлдегері атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандылық спортшы Екатерина Чуйкина спорттық гимнастика бойынша Қазақстан тарихында бірінші рет әлем кубогының жүлдегері атанды, деп хабарлады Vesti.kz тілшісі.
None
None

Қарағандылық спортшы Қазақстан гимнастикасының тарихында тұңғыш рет (ересектер арасында) Словенияның астанасы Люблянада өткен әлем кубогының жүлдесіне қол созды. Еркін жаттығуда бірден екі спортшы қыз жеңіске жетті - аргентиналық Айелен Тарабини мен жарыс қожайыны Саша Голоб. Қарағанды гимнастика мектебінің тәрбиеленушісі үшінші орыннан көрінді.

Екатерина Чуйкина 1997 жылы 14 қыркүйекте дүниеге келген. 2003 жылдан бері гимнастикадан балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде жаттығады. 2011 жылы спорттық гимнастика бойынша «ҚР спорт шебері» нормативін орындады.

Қарағандылық гимнаст қыз ҚР Жастар спорттық ойындарында бірінші орынға ие болып (2009), 2010 жылғы республика чемпионатының және 2011 жылғы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері арасындағы ҚР чемпионатының алтын медальдарын иеленді. Екатерина ТМД мен Балтық елдерінің «Олимпиада үміткерлері» халықаралық жарысының күміс медалімен марапатталып, 2013 жылы жасөпірімдер арасындағы Словенияда өткен әлем кубогының «қола» жүлдесін алды, Алматыда балалар мен қыздар арасындағы ІІІ Еуразиялық спорттық ойындарында екінші орыннан көрінді.

Соңғы жаңалықтар