18:08, 02 Маусым 2009 | GMT +5
Қарағандылық фирмалардың бірі бірегей американдық технологиялар бойынша сантехника бұйымдарын шығаруды игерді
ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – Қарағандылық «Tiffany Marble» фабрикаларының бірінде бірегей американдық технологиялар бойынша өнімдерді шығару жолға қойылған,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мұнда құйма тастардан: мәрмәрден, граниттен, оникстен, малахиттен және т.б. жасалған бұйымдар шығарылады.Негізінен сантехникалық бұйымдар сұранысқа ие. Фабрикада интерьерлердің басқа да элементтерін шығару игерілген.Бұл ? биылғы жылы Қарағанды облысында іске қосылған инновациялық жобалардың бірі. Оны іске асыруға 300 млн. теңге салынды. Олар негізінен банктік несиемен алынған заемдық қаражаттар болып табылады.Фабрикада қазір 7 адам жұмыс істейді. Екі шебер Америкада мамандандыру курсынан өтіп келді. Алдағы уақытта қуаттылықты күшейту ? жұмыс орындарын кеңейтуге мүмкіндік береді. «Әзірге біздер қуаттылықтың 10 пайызымен ғана жұмыс істейміз. Тапсырыс онша көп емес. Негізінен жеке адамдар мен Астана қаласынан тапсырыстар түседі», ? деді «Tiffany Marble» компаниясы басқармасының төрағасы Камал Исабеков.