Қарағандылық марафоншы Павел Сиротин Канадада өтетін әлем чемпионатына бару үшін демеушілер іздестіруде

ҚАРАҒАНДЫ.  Желтоқсанның  26-сы.  ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандылық танымал  марафоншы Павел Сиротин     2010 жылдың  наурыз  айында Канаданың Камлепсе   қаласында  өтетін  жеңіл атлетикадан   ардагерлер арасындағы    әлем   чемпионатына       шақыру  алды.
None
None

Бірақ та, марафоншының айтуынша, бұл  сапар    демеушілік   қолдауға      тіреліп     тұр.  «Шамамен  2 мыңдай  АҚШ доллары   қажет.  Бұл  сомаға  авиабилет,   отельде тұру шығындарымен    қоса,    бастапқы жарна,  виза және  медициналық сақтандыру   шығындары кіреді»,- дейді П.Сиротин. 

70 жастан асқанына қарамастан,  қарағандылық     марафоншы    спортпен белсенді айналысуын  жалғастыруда,    Жақында ғана  ол  Ресейдің Зеленоград қаласында  өткен  «Рубеж»   қысқы марафонына   қатысып келді.

Соңғы жаңалықтар