Қарағандылық полицей қызметтік автокөлікпен жаяу жүргіншіні қағып кетті

ҚАРАҒАНДЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат - Қарағандыда жол-патруль полициясының қызметкері қызметтік автокөлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Жол-көлік оқиғасы бүгін, 12 қарашада, сағат 19.00 шамасында орын алды.

«Қарағанды қаласы ІІБ жол-патруль полициясы полкінің 22 жастағы қызметкері жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан әйел адамды қағып кетті. Полиция кіші сержанты әйел адамды қағып кеткен соң, оқиға орнынан кетіп қалған, бірақ, артынан қайтып оралып, зардап шеккен әйелге «жедел жәрдем» шақырған, - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінде.

Зардап шеккен 37 жастағы әйел адамның аяғы сынған, ол ауруханаға жеткізілді.

Атап өтейік, жол-көлік оқиғасына себепкер болған полицей ішкі істер органдарында бір жылға жуық уақыт жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар