Қарағандылық полицейлер 12 жылдан астам уақыт бойы іздеп жүрген қылмыскер Ресейде ұсталды

АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Кеше «Іздестіру» жедел-алдын алу шарасының барысында РФ Кемеров облысындағы Новокузнецк қалалық ІІБ Заводской қылмыстық іздеу бөлімінің қызметкерлері қарағандылық полицейлер адам өлтіргені үшін 2000 жылдың тамызынан бері іздестіріп жүрген 28 жастағы ер адамды ұстады. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

12 жыл бұрын Қарағандының Октябрь ауданындағы зауыттың ауданында 16 жастағы жасөспірім ұрыс кезінде таныс ер адамды оқ атып өлтірді. Қылмыс жасаған соң ол көршілес Ресейге қашып кеткен. Онда басқа ат жамылып жүріп, отбасын құрды.

Жедел-алдын алу шарасының барысында ресейлік әріптестер ер адамды полицияға жеткізді, онда Қазақстаннан жіберілген тұспалдаумен ұқсастығын байқады.

Нақтылау үшін ресейлік құқық сақшылары ұсталған азаматтың фотосын Қарағанды полициясына жіберген, нәтижесінде іздеудегі адам және олар ұстаған азамат - бір адам екені анықталды.

Қазіргі кезде қылмыскер Новокузнецк қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Азаматты экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум