Қарағандылық полицейлер тұрғындар қолындағы заңсыз қару-жарақты жинауды бастады

сонымен қатар жарылғыш құралдарды ішкі істер органдарына өз еріктерімен тапсыру ұсынылады, деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасынан.
Ведомствоның атап өтуінше, тіркелмеген қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен материалдарды, сонымен қатар жарылғыш құралдарды тапсырған тұлғалар, олардың әрекеттерінде басқа құқық бұзушылық болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Жеке тұлғалардың заңсыз сақтауындағы құралдар ІІО қызметкерлерімен анықталған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының ҚК 251 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады немесе сотпен айыппұл салынып, қару тәркіленеді.
«Сонымен қатар, бүгінгі күні қаруды сақтау және алып жүру ережесін бұзуға байланысты қаруды ұрлау немесе жоғалту жағдайлары жиілеп кетті. Негізінен жеке травматикалық немесе газды қаруларды иелері автокөлікте қалдырып, сөмке мен барсеткаларда сақтайды. Ал олар суық қолдылардың негізгі ұрлық объектісі болып табылады», - делінген хабарламада.
Осы орайда полицейлер суық қару иелеріне қаруды сақтау және алып жүру ережесін қатаң ұстау қажет екендігін ескертеді.