18:16, 04 Қаңтар 2012 | GMT +5
Қарағандылық «Шахтердің» матчтары 2011 жыл қорытындысы бойынша қазақстандықтар арасында көрермен ең көп болды - ҚФФ
АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағандылық «Шахтер» қатысуымен өткен матчтар 2011 жылдың маусымының қорытындысы бойынша қазақстандықтар арасында көрермендері ең көп болды, деп хабарлайды қазақстанның футбол федерациясы.
"Өз командасы үшін жанкүйер болуға 2011 жылы 172 250 көрермен келді, бұл орташа алғанда бір матч үшін 5 383 жанкүйерді құрайды», - деген деректерді келтірді ҚФФ.
Қатысу бойынша көшбасшылар үштігінде сондай-ақ «Ақтөбе» (169 750 көрермен) және «Астана» (159 300 адам) футбол клубтары бар. Одан кейін тізімде «Ертіс» ФК тұр - өз командасына жанкүйер болу үшін 132 200, «Ордабасы» футбол клубына 127 000 адам, «Тобыл» футбол клубына - 122 150 адам келді.
Федерация мәліметтері бойынша, өткен маусымның чемпионатында 192 матч ойналды, оған 739 400 қазақстандықтар келген, бұл бір матч бойынша 3 851 адамды құрайды.