Қарағандылық спортшылар мен жүгірумен әуестенушілер Жаңа жылды дәстүрлі марафонмен қарсы алады

ҚАРАҒАНДЫ.  Желтоқсанның  26-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ -   Сенбі, желтоқсанның  26-сы күні Қарағанды  облысында     дәстүрлі  жаңажылдық   Теміртау-Қарағанды    марафон жүгірісі өтуде.   Оған      Павел  Сиротин,  Төлеутай  Смаилов,  Зейнолла Сейітов,  Любовь  Астанова сияқты     танымал    спортшылар ғана емес, 
None
None

жүргірумен  әуестенуші  қарапайым    адамдар   да  қатысуда.

Марафон    таңертең Теміртау қаласында,    бас шырша орнатылған  Гагарин  атындағы алаңнан      басталды.   73 жастағы  танымал марафоншы  Павел Сиротин  жарыс жолына Аяз  Атаның   костюмін  киіп шықты.
Биылғы  марафон  «Нұр Отан»  партиясының  ұйытқы  болуымен   және Қарағанды, Теміртау  спорт бөлімдерінің, «Меридиан»  желаяқтар клубының  ұйымдастыруымен    өтіп жатыр.     Шараның мақсаты - салауатты өмір салтын  насихаттау,  дейді  ұйымдастырушылар.

Соңғы жаңалықтар