17:55, 08 Мамыр 2013 | GMT +5
Қарағандылық тұрғыннан 3 келіден астам героин тәркіленді
АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағандыда пәтерді тінту кезінде 3 келіден астам героин есірткісі табылды. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметтерінде хабарланды.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті және Қарағанды қалалық Ішкі істер басқармасының қызметкерлері 3 мамыр күні ешқайда кетпеу туралы тілхатпен жүрген 35 жастағы Қарағанды тұрғынын ұстады. Бұрынырақ аталған азаматшаның үстінен сату мақсатымен ірі көлемде есірткі затын сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалған көрінеді.
«Күдіктінің пәтерінде тінту жүргізіліп, салмағы 3 келіден астам героин табылды. Қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмыс үшін мүлікті тәркілеу жолымен оннан он бес жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін»,-делінген ІІМ мәліметінде.