17:17, 25 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қарағандылық жоғары оқу орындарының 300-ге жуық студенті өз білімдерін Еуропаның және АҚШ-тың университеттерінде жалғастырады - облыс әкімі
ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандылық жоғары оқу орындарының 300-ге жуық студенті өз білімдерін Еуропаның және АҚШ-тың университеттерінде жалғастыруға мүмкіндік алды.

Бұл жөнінде Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов облыстық тарихи-өлкетану мұражайында зиялылармен болған кездесуде айтты.
Кездесуде мәдениет саласындағы орын алып отырған проблемалар талқыланды, шығармашылық жоспарлар туралы әңгіме болды.
С.Ахметов жүздесу барысында келесі жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша мәдениет мекемелерін жаңарту жалғасатынын хабарады. Биылғы жылы 58 мәдениет нысаны тәртіпке келтіріліп, 2 млрд. теңге жұмсалғанын еске салды. Әкімнің айтуынша, келесі жылы 46 мәдениет нысанын жөндеуге 1,6 млрд теңге бөлінбекші.