14:16, 01 Мамыр 2010 | GMT +5
Қарағандылықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін ұлттық-мәдени орталықтармен бірлесіп атап өтуде
АРАҒАНДЫ. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыдағы Орталық саябақта бүгін Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Достық, Бірлік, Береке -Сарыарқа!» мерекелік бағдарламасы өтуде. Аймақтағы барлық этно-мәдени бірлестіктер бір шаңырақтың астына жиналып отыр.
Бұл жерде ұлттық асханалардың көрмесі ұйымдастырылып, келген қонақтар мерекелік дастарханнан дәм татуда.
Мерекелік бағдарламаны ашу мәртебесі «Видергебург» неміс орталығы» облыстық қоғамына бұйырды. Оның төрағасы ІІ дәрежелі «Достық» орденінің иегері Виктор Кист өз сөзінде, ұлтаралық келісімге негізделген ел басшылығының ұлттық саясатына алғысын білдірді. Одан кейін Қазақстан корейлері қауымдастығының Қарағанды филиалының өкілдері өнер көрсетті.
Барлық этномәдени бірлестіктердің өкілдері бүгін Орталық саябақтағы сахнада күні бойы концерт қояды.