Қарағандылықтар «Нұр Отанға» негізінен жұмысқа орналастыру жөнінде өтініш жасайды

«Жыл басынан бері қоғамдық қабылдауларға 3850-ден астам өтініш келіп түсті, 2000-нан астам азамат қабылдауда болды, соның ішінде 798 жеке қабылдауды «Нұр Отан» партиясының мәәслихаттардағы фракцияларының мүшелері, 25-ін - Парламент Мәжілісінің депутаттары, 983-ін мемлекеттік органдардың басшылары өткізді», - деді Н.Әбдібеков облыстық партия ұйымының есеп беру-сайлау конференциясында.
Оның айтуынша, өтініштердің жартысына жуығы дерік ((45%) еңбекке орналастыруға қатысты. Бұдан кейін тұрғын үймен, зейнетақымен, әлеуметтік төлемдермен және жәрдемақылармен, материалдық көмекпен қамтамасыз ету мәселелері (31%), әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар, көп балалы отбасылар, зейнеткерлер, ардагерлер жән мүмкіндігі шектеулі жандар мәселелері (7%), балаларды балабақша орналастыру (3%).мәселелері көтерілген.
«Өтініш жасаған азаматтардың 70 пайызға жуығының өтініштері шешімін тапты. Өтініштердің шамамен 40 пайызы жергілікті орындарда бірден шешіледі, атап айтқанда, медициналық қызметтер көрсету, еңбек даулары, еңбекақының кешіктіріліп берілуі, заң кеңестері», - деді Н.Әбдібеков.
Ол партияға электрондық форматта да - портал және Call-орталық арқылы өтініш жасауға болатынын атап өтті.
«Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалында 22 қалалық және аудандық филиалдарға біріккен 516 бастауыш ұйымдар бар. Әр филиалда қоғамдық қабылдаулар бар.
Өңірде «Нұр Отан» қатарында 95 мыңнан астам адам есепте тұрады.