Қарағандылықтарға «Мәңгілік ел» үгіт-насихат пойызына қатысушылар әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес берді (ФОТО)

«Біздің пойыздың құрамында 150-ге жуық адам бар. Бұлар - министрліктердің жетекші мамандары, сарапшылар, медицина қызметкерлері, заңгерлер. Біздің пойыздың мақсаты -тек Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар ғана емес, жұртшылықтың әлеуметтік және құқықтық жағдайларына назар аудару»,-дейді «Мәңгілік ел» пойызының басшысы, ҚХА Кеңесінің мүшесі Әмілжан Әлпейісов.
Жалпы ресубликалық акция аясында қарағандылықтар түрлі ведомосво өкілдерімен тікелей емен-жарқын сөйлесе алды.
Мамандар мен сарапшылар зейнетақымен қамтамасыз ету, жәрдемақы төлеу, еңбек құқығын қорғау, «Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламасы және басқа да мәелелер жөнінде кеңес берді.
Қарағандыдағы № 3 емханада пойыз құрамында келген медициналық қызметкерлер пациентерді қабылдады.
Достық үйінде қалалықтармен болған кездесуде әлеуметтік саладағы өзекті мәселелер көтерілді.