00:13, 10 Наурыз 2017 | GMT +5
Қарағандының бас құрылысшысына құрылыс барысында өктемдік жасағаны үшін айыппұл салынды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Қарағанды құрылыс бөлімі» ММ басшысына мемлекеттік сәулет-құрылысы бақылауының рұқсатынсыз инженерлік желілерді тартқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл салынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды мамандандырылған әкімшілік сотының ақпараты бойынша, құрылыс бөлімінің басшысы Жақсылық Шалабеков «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңды бұзған.
Әкімшілік өндірістегі материалдарға сәйкес, Жақсылық Шалабеков «Степной-3» мөлтек ауданындағы тұрғын үйдегі инженерлік желілерді салуға рұқсат берген. Заңнамада көрсетілгендей бұл туралы мемлекеттік сәулет-құрылысы бақылауына хабарламаған.
Шенеунікті әкімшілік заңнаманы бұзғаны үшін айыптап, 39 708 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.