13:35, 07 Наурыз 2012 | GMT +5
Қарағандының екі азаматына джип көлігінің ішінен 35 млн. теңге ұрлады деген күдікпен ҚР бойынша іздеу жарияланды
ҚАРАҒАНДЫ. 7 наурыз. ҚазАқпарат - «Лэндкрузер Прадо-200» көлігінің ішінен 35 млн. теңгеге ұрлық жасады деген күдікпен 20 және 25 жастағы екі қарағандылық азаматқа ел бойынша іздеу жарияланды.

Бұл туралы Қарағанды облысы бойынша ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Биылғы жылдың қаңтарында «Лэндкрузер Прадо-200» көлігінің ішінен ұрлық жасаған екі күдікті анықталды. Қазіргі кезде 20 және 25 жастағы екі азамат ел бойынша іздестірілуде. Басқа ақпарат айтылмайды», - деді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетйік, 25 қаңтар күні Қарағанды қаласында белгісіз біреулер дәмхана қасына тұраққа қойылған «Лэндкрузер Прадо-200» көлігінің шынысын сындырып, ішінде жатқан 200 мың АҚШ доллары мен 5 млн. теңге көлеміндегі ақшаны алып кетті. Жалпы шығын 35 млн. теңгеге бағаланып отыр.