19:59, 12 Қараша 2012 | GMT +5
Қарағандының «Электроника әлемі» сауда үйінде болған өрт себебі - қылмыстық немқұрайлық немесе қасақана әрекет - облыстық ТЖД
ҚАРАҒАНДЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат -Қарағандының «Электроника әлемі» сауда үйінде болған өрт себебі - қылмыстық немқұрайлық немесе қасақана әрекет, деп хабарланды бүгін Қарағанды облысы бойынша ТЖД-нің брифингінде.
«Бүгінгі күні өрттің нақты себебі әлі анықталған жоқ. Біздің зертханамыз жұмыс істеуде, қосымша тексеру амалдары жүргізілуде», - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Айдар Қылдыбаев.
Ол сондай-ақ бастапқы кезеңде болған оқиғаға қатысты үш болжам жасалғанын мәлім етті: өрттің электр техникалық себебі, өрт жағудағы абайсыздық, және қасақана өртеп жіберу әрекеті.
Брифингте аталып өткендей, өрттің тез таралуына сауда үйінің алюкобондпен қапталуы себеп болды.
Брифингтің қатысушылары келтірілген шығынның нақты сомасы анықталмағанын айтты. «Сауда үйінің иелері келтірілген шығынды есептеуде», - деді А. Қылдыбаев.
Оның сөзіне қарағанда, бұл нысан бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға қатысты наразылық болмаған.