17:25, 19 Тамыз 2010 | GMT +5
Қарағандының хайуанаттар бағында қуанышты оқиға: қара құзғындардың балапаны дүниеге келді
ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандының хайуанаттар бағында толығу: қара құзғындарда балапан дүниеге келді. Хайуанаттар бағы қызметкерлерінің айтуынша, бұл күтпеген жағдай.

«Биылғы жылы ТМД-ның барлық хайуанаттар бағының ішінде тек бізде ғана қара құзғындар балапан туды», - дейді орнитолог Светлана Пилюк.
Балапан қазір екі айлық. Осыған дейін оны бөтендерден жасырын ұстап келді. «Қысылтаяң уақыт өтті. Балапанның қазіргі жағдайы тұрақты. Осы күні қара құзғындардың торындағы «карантин» деген тақтайша алынып тасталды, енді кез-келген адам кішкентай құзғынды тамашалауына болады», - деп хабарлады хайуанаттар бағынан.
Қарағанды хайуанаттар бағы балапанды өздерінде қалдырмақ ойда. Болашақта, оның жынысын анықтау үшін оның қауырсыны мен бір тамшы қанын ДНК-анализ жасау үшін Австрияға жіберу жоспарланып отыр, дейді мамандар.