Қарағандының Қазыбек би атындағы аудандық соты «Валют-Транзит» банкінің бұрынғы президентіне қатысты кезекті қылмыстық істі қарастыруды бастамақ

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «Валют-Транзит» қаржылық-өнеркәсіптік қауымдастығының бұрынғы президенті Айтбақы Біләлов (Андрей Беляев атымен көпке танымал - авт) сейсенбі, қыркүйектің 28-інде тағы да сотқа тартылады.
None
None

Бұл туралы дүйсенбі күні өткізілген брифинг барысында Қазыбек би атындағы аудандық оттың төрағасы Ербол Рақымбеков хабарлады.

«А.Біләлов бұл жолы қылмыстық кодекстің 8 бабы бойынша айыпталуда, оның ішінде өз қол астындағылардан ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, банк пен оның салымшыларынан ақшалай қаржыны ұрлады деген де айып бар. Бұл баптар бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деп атап өтті Е.Рақымбеков.

Оның айтуынша, қылмыстық істердің материалдары 139 томға жинақталған, куәгерлер ретінде 200 адам жария етіліп отыр. Бұл істі аудандық соттың төрағасы Е.Рақымбековтың өзі қарайды. Ертеңге соттың бірінші отырысы белгіленіп отыр.

Соңғы жаңалықтар