Қарағандының орталығында заңсыз жұмыс істеп келген ойынхана салоны анықталды

ҚАРАҒАНДЫ. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда қала орталығында ақшалай сыйлықсыз ойын салонының атын жамылып жұмыс істеп келген заңсыз ойынхана анықталды.
None
None

Бұл туралы облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметінен хабарланды.

«Астыртын ойын бизнесі қала орталығында, Ерубаев атындағы көшедегі кеңсе жайлардың әкімшілік ғимаратының жертөлесінде орналасқан болып шықты. Ойынханаға тек тұрақты және сенімді клиенттер ғана кіргізілетін болған. Ал оның кіреберісіне: «Mega Jack» ақшалай сыйлықсыз ойын салоны деп жазылғанымен, ақшалай сыйлықтардың берілу фактілері анықталды», - дейді қаржы полицейлері.

«Кәсіпорын салық органдарында ақысыз ойын салоны ретінде тіркелген. Ал іс жүзінде оның қожайыны заңсыз кәсіпкерліктен көлеңкелі табыс тауып отырған»,- дейді қаржы полицейлері. Тексеру барысында 22 ойын автоматы, 2 электрондық рулетка және 710 мың теңге сома ақшалай қаржы тәркіленді. Қазір бұл факті бойынша тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар