Қарағандының «Сарыарқа» командасы Құрлық кубогында табысты өнер көрсетті

ҚАРАҒАНДЫ.  Қарашаның 2-сі.  ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандылық  «Сарыарқа»  хоккей командасы еуропалық Құрлық кубогындағы    алғашқы ойынын   сәтті  өткізді,  деп  хабарлады  клубтың баспасөз қызметінен.
None
None

Құрлық  кубогының екінші кезегі  өткен    Польшаның    Краков  қаласынан   қарағандылық   хоккейшілер  екінші  орын  алып  келді.  Турнирде  олар  поляктың «Краковия»  командасымен кездесті    және    алаң иелеріне 2:3 есебімен   есе жіберді.    Одан кейін  қарағандылық  команда  литваның «Энергия» командасын 4:1   және  эстонның «Калев-Вялк Тарту» командасын 8:0 есебімен  ойсыра жеңді.

«Қарағандылық хоккейшілер    Польшадағы турнирде   жақсы ойын көрсетті. Халықаралық   ойындарда   алған  тәжірибесі  оларға  Қазақстанның  ұлттық чемпионатында  табысты   өнер көрсетуге көмектесетін  болады»,  дейді      «Сарыарқаның» бас  жаттықтырушысы Олег Болякин.

 «Сарыарқа»     ел  біріншілігінде   көш басында тұр.  

Соңғы жаңалықтар