17:47, 22 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қарағандының «Шахтері» жаңа маусымға даярлықты бастады
ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандылық «Шахтердің» футболшылары жаңа маусымға даярлықты бастап кетті,

деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
Қарағандының Орталық саябағында өткен «кеншілердің» алғашқы жаттығуына 80-ге жуық жас қарағандылық футбол тәрбиеленушілері қатысты. Негізінен кросс жүгіруге жете көңіл бөлінді.
«Осы кезеңдегі жаттығу сабақтарының бастапқы мақсаты - ойыншылардың дене жаттығуларын қалпына келтіру және болашағынан үміт күттіретін жастардың ішінен қабілетті аяқдопшыларды анықтау» екенін атады клуб баспасөз қызметі.