«Қарағай» республикалық сауықтыру орталығы жүз жылдығын атап өтті
Осыдан ғасыр бұрын көрікті табиғат аясында өкпе дертімен күрес, дерттің алдын алу, соған орай ғылыми-ізденіс жұмыстарын іске асыру мақсатында «Бурабай» орталығы ашылған болатын. Кезінде он адамнан тұратын медициналық қызмет көрсету мекемесіндегі мамандар қатары бүгінде 150 адамға жеткен. Соған сәйкес 310 төсектік емдеу орталығына айналып отыр. Қазірде өкпе дертін емдеуге байланысты ғылыми жаңалықтар, озық технологиялық жабдықтар қолданысқа енгізіліп, алыс және жақын шет елдердің білікті мамандары көптеп тартылуда. Туберкулез дертінің жастар арасында белең алуына орай балаларды емдеу шаралары ауқымы жылдан жылға кеңіп келеді. Ол соңғы жылдары «Жұлдыз» бағдарламасына сай іске асырылуда..
Конференция жұмысына қатысқан ҚР Парламентінің депутаттары Светлана Жалмағанбетова, Серік Аяғанов, Аманжол Жазин қарастырылған мәселелер төңірегінде ой қозғап, бұл бағытта Үкімет тарапынан қолға алынып отырған жәйттерге назар аударды. Өңір медицина саласы өкілдері қатысқан жиында сөз алған облыс әкімі Сергей Дьяченко өкпе дертімен күрестің үш кезеңмен жүргізіліп жатқанын, соған орай тиісті бағдарлама шешімін тауып отырғанын жеткізіп, келер күндердегі мәселелерді тілге тиек етті.