Қараой полигонындағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылысқа себепкер 3 жылға бас бостандығынан айырылды

АСТАНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы гарнизонының әскери соты қала іргесіндегі Қараой полигонында шілдеде болған жарылыстың басты себепшісі сержант Е.Хоменконы 3 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас әскери прокуратурасына сілтеме жасап.

Айта кетейік, адам өліміне әкеліп соққан төтенше оқиға шілденің 8-і күні сағат 17-лер шамасында «Қараой» полигонының  оқ-дәрі қоймасында орын алған болатын.  Қоймаға кірген Е.Хоменко жанындағы 4 жауынгерге «корсар» петардысын жағып көрсетпек болған. Қойма бастығының ессіз әрекеті, от ұшқынынан тұтанған оқ-дәрілердің жарылуына әкеліп соққан. Нәтижесінде Николай Овчаренко есімді жауынгер құлаған қабырға астында қалып, мерт болған еді.

Соңғы жаңалықтар