Қарасай ауданында жаңа мешіт ашылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Қарасай ауданындаы Жаңа Шамалған ауылдық оркугінің Тұрар ауылында мешіт ашылды. 
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, көк күмбезді жаңа ғимаратты ауыл тұрғындарына осы жердің тумасы- кәсіпкер сыйға тартты. Мешіттің ашылу салтанатына Астанадан, Алматыдан, Тараздан және республикамыздың басқа да өңірлерінен қонақтар қатысты.

Алматы облысының орталық мешітінің бас имамы Мұхтар Әбсаматов батасын беріп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен қазақ тілінде шыққан қасиетті «Құран-Кәрімді» тарту етті.

Салтанатқа қатысушылар алдында аудан әкімі Ләззат Тұрлашев, Қазақ қыздар педагогикалық университетінің ректоры Шәмша Беркімбаева, Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбай, Қарасай аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сайлаубек Қыдырәлиев және басқалар құттықтау сөз сөйледі.

Бұл Қарасай ауданындағы 27-інші мешіт, оған «Дәмен апа  мешіті» атауы берілді.

Соңғы жаңалықтар