Қарашаның 27-де Қазақстанның сауда кәсіпорындарының алғашқы Конгресі өтеді

АСТАНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2009 жылғы қарашаның 27-де Алматы қаласында Қазақстанның сауда кәсіпорындарының 1-ші конгресі өтеді.
None
None

Бұл жөнінде жұма күні ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А.Қазыбаевтың айтуынша, бұл сауда қызметкерлерінің республика аумағындағы алғашқы конгресі және оған дүкендерден бастап, түрлі кішігірім және ірі кәсіпкерліктер мен құзырлы мемлекеттік органдар қатысатын болады.

Форумда сауда саласындағы бірқатар түйткілді проблемалардың нақты шешімдерін табу мақсат етілген. Себебі, бұл салаға бүгінгі қаржылық дағдарыс уақытында үлкен міндеттер жүктеліп отыр.

Сондай-ақ Комитет басшысы, Премьер-Министрдің орынбасары Серік Ахметовтың төрағалығымен құрылған Рұқсат етілген процедураларды оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобының атқарған жұмыстарының нәтижесі бойынша, бүгінде бірқатар лицензияларды қайтарып алу мәселесі қойылып отырғандығын жеткізді.

Бірақ, оның айтуынша, бұл салада шешімін табуы тиіс проблемалар әлі де көп. Мысалға, тұрғын үйдің бірінші қабатынан дүкен ашу үшін кәсіпкерлікке мемлекеттік органдардың табалдырығын 2 жыл бойы тоздыруға тура келетін көрінеді. 37 түрлі мекемеге 147 рет барып, түрлі анықтамалар үшін 1 миллион теңге қаражатын жұмсауы тиіс. Сонымен бірге, жеке басты куәландыратын құжаттың - 35, салық төлеушінің тіркеме нөмірінің (РНН) - 32 көшірмесін жасауы тиіс.

Индустрия және сауда министрлігінің өкілі осы және басқа да мәселелер аталмыш форумда шешімін табатынына сендірді.

Соңғы жаңалықтар