Қарашығанақ бойынша келіссөздер әлі жалғасуда - ҚР Мұнай және газ министрлігі

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінде «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» консорциумына қатысушы акционерлермен келіссөздер жалғасуда.
None
None

Бұл туралы бүгін «Bnews» порталында журналистермен кездескен ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

«Қазіргі кезде мен келіссөздер бойынша нақты ештеңе айта алмаймын. Себебі олар әлі де жалғасуда. Соңғы рет біз осыдан екі апта бұрын кездесіп, барлық мәселелерді талқылаған болатынбыз. Меніңше, бірінші жартыжылдықта біз нақты бір шешімге келеміз. Біздің негізгі кездесулеріміз 10 мамырға белгіленіп отыр», - деп атап көрсетті С.Мыңбаев.

Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде Қазақстан осы консорциум бойынша 20 пайыз табысқа ие. «Бірақ оның басым бөлігін салық төлемдері құрап отыр», - дейді министр.

Айта кетейік, бүгінде «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» консорциумына 32,5% пайыздық үлесі бар British Gas Group (Ұлыбритания) және Eni (Италия), сондай-ақ АҚШ-тың Шеврон (20%) мен және 15% пайыздық капиталы бар Лукойл (Ресей) компаниясы кіреді.

Соңғы жаңалықтар