Қарашығанақ кен орнын игеру жобасынан мемлекеттік үлес алу жөніндегі келіссөз биыл оң мәреге жетеді

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Бақтықожа Ізмұхамбетовтің жетекшілік етуімен  Үкімет сағаты өтті.
None
None

Б.Ізмұхамбетов бүгінгі көтеріліп отырған тақырыптың маңыздылығын айта келіп, ел экономикасында ерекше орын алатын мұнай-газ өнеркәсібінде жанар-жағар маймен қамтамасыз ету мәселесі аса маңызды екенін атап өтті.

Елбасы биылғы халыққа Жолдауында индустрияландыру және инфрақұрылымдарды дамыту жобаларының ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды терең өңдеу кешенін құру, Қарашығанақ кен орнында газ өңдеу зауытын салу, орталық аймақты, Астананы газбен қамтамасыз ететін газ құбырын салу жобаларын атап көрсетті.

«Мұнай-газ саласында егеменділігіміздің алғашқы жылдарында басталған үлкен жобалардың бірі Қарашығанақ кен орнын игеру жобасынан мемлекеттік үлес алу жөніндегі келіссөз оң мәреге жетіп, биыл керекті құжаттарға қол қойылып, заңдастырылмақшы»,- деді Мәжіліс Төрағасының орынбасары Б.Ізмұхамбетов.

Соңғы жаңалықтар