11:07, 29 Қыркүйек 2010 | GMT +5
«Қарасора-2010» жедел шарасы барысында іздеуде жүрген шиелілік азамат ұсталды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысының ішкі істер департаментінің қызметкерлері «Карасора-2010» жедел шарасы барысында өткен жылдан бері іздеуде жүрген Шиелі ауданының азаматын ұстады.
Жедел іздестіру шаралары кезінде күдікті Ботабай елді мекенінде кептірілген марихуананы қапқа салып жатқан жерінен ұсталды. Сарапшы деректеріне сәйкес, аталған жерді қарау кезінде 15608 грамм есірткі заты, 16 келі кептірілген марихуана және 35 түп сора өсімдігі табылды.
Қазір осы факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.