Қаратөбе ауданы әкімі Н.Қарағойшин есептік кездесуін өткізді - БҚО

ОРАЛ. 28 ақпан. ҚазАқпарат - 27 ақпан күні Қаратөбе ауданы әкімі Наурызбай Қарағойшин тұрғындармен қорытынды есептік кездесуін өткізіп, оған өңір басшысы Нұрлан Ноғаев қатысты.
None
None

Аудан басшысы Н.Қарағойшин аудан бойынша өткен жылы атқарылған экономикалық-әлеуметтік тұрғыдағы шаруалардың жай-жапсарын көптің назарына ұсынды.

Бұдан кейін мінбеге көтерілген Қаратөбе аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Орынғали Ермекқалиев:

- Облыста кезінде Бақтықожа Салахатдинұлының атқарған оңды істерінің басы-қасында Нұрлан Асқарұлы, сіздің жүруіңіз, сөз жоқ, табандылығыңыз бен іскерлігіңізді көрсетіп, биік мәртебеге жетеледі. Ауданымызға көгілдір отынның келуін  мемлекет тарапынан жасалынған үлкен қамқорлық деп білемін, - деп облыс басшысы Нұрлан Асқарұлының қызметіне ризашылығын жеткізді.

Алқалы жиында сондай-ақ жас ұстаз Самал Ахметова мемлекеттік жастар саясаты төңірегінде атқарылған жұмыстардың нәтижелілігіне, Шөптікөл ауылдық округінің әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев округте атқарылған оңды істерге тоқталды. Соның ішінде Шөптікөл ауылдық округі бойынша 75 тұрғын үйге табиғи отынның жүргізілуі мен округке қарасты Үшағаш елді мекенінде қос қабатты жаңа мектеп іргетасының қалануын тілге тиек етті.

Сонымен бірге ауыл тұрғындары облыс басшысына көкейде жүрген сауалдарын қойды.

Облыс басшысы Нұрлан Ноғаев аудан әкімінің есебіне оң бағасын беріп, Елбасы тапсырмаларының Қаратөбе өңірінде жүзеге асырылу барысына көз жеткізді. Сондай-ақ алда тұрған мақсат-міндеттерді атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар