Кәрім Мәсімов «Дала қыраны-2010» арнайы-әдістемелік бітімгерлік жаттығулар өтіп жатқан «Іле» оқу-жаттығу орталығына барады

ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Үкімет басшысын жаттығу орталығымен, «Хаммер» автокөлігін қоса алғандағы «Қазбригтегі» қару-жарақтар және техникамен, «Хьюи-2» тікұшағымен, байланыс және қорғаныс құралдарымен, бронды техника және тағы да басқа құрал жабдықтармен таныстырады.
Қазақстандық «Қазбат» бітімгерлік батальонының бөлімшелері өзідігінен жарылатын құрылғыларды қалай тауып, оны қалай залалсыздандыру керек екендігін, қаруланған қылмыскерлерге қалай шабуыл жасау керектігін әскери жаттығулары арқылы көрсетеді. Сондай-ақ жеке құрам қонақтарға бітімгерлік базалардың қалай қорғанатындығын таныстырады.
2003 жылдан бастау алатын бірлескен жаттығу осымен сегізінші рет өткізіліп отыр. Маневрларға Қазақстан армиясының, Ұлыбритания мен Америка Құрама Штаттары қарулы күштерінің әскери қызметкерлері қатысуда. Олар қақтығыс аумақтарында көпұлтты контингенттің құрамында бітімгершілік миссиялар атқарады. Жаттығуға мыңға жуық әскери қызметкерлер мен 100 шақты әскери техника жұмылдырылып отыр.