15:00, 23 Қараша 2014 | GMT +5
Қармақшы ауданында 280 орындық балабақша ашылды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кентінде 280 орындық балабақша пайдалануға берілді. Елбасының «Балапан» бағдарламасы негізінде бой көтерген бөбекжайдың ашылу салатанатында облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова қатысты, - өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметінен.

- Болашағымыз - бүлдіршіндердің мектепке дейінгі білім алу мәселесі облыста оң шешімін тауып келеді. Елбасының 2020 жылға дейін балаларды толықтай балабақшамен қамту тапсырмасын біз келер жылдың соңына дейін шешеміз, - деді облыс әкімінің орынбасары А.Әлназарова.
Жалпы, балабақша барлық талапқа сай жасақталған. Мұнда бүлдіршіндер үш тілді үйреніп, түрлі үйірмелерге қатысатын болады.
Сондай-ақ Ақай ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория ашылды. Ауыл тұрғындарының ем алу мәселесі күрделі боп келген. Енді алысқа бармай өздерінің денсаулықтарын тексерте алады.