Қармақшы ауданында тұрмысы төмен отбасылардың балаларына жәрдем жасалды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қармақшы ауданында тұрмысы төмен отбасындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу құралдары мен қажетті киім-кешектер үлестіру жөніндегі республикалық акция өткізілді.
None
None

Жосалы кентінде ұйымдастырылған шара барысында мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлер, шаруашылықтардың демеушілігі нәтижесінде 100-ге жуық балаға түрлі тарту-таралғылар табысталды. Бұған «Қызыл Ай» қоғамының облыстық бөлімшесі тарапынан 13 оқушыға 550 мың теңге көлеміндегі қаржылық көмек көрсетілді. Аудан әкімінің қолдауымен өткізілген акция алыс ауылдар мен шалғай елді мекендерде жарасымды жалғасып, жергілікті атқарушы билік өкілдерінің жомарттығы жұртшылықты риза етті.

Ғарыш қақпасы атанған құтты қоныстағы клубта «Жиһаз» сауда дүкенінің иесі Эльмира Уталиева, «Фудмастер» компаниясының дистрибютері Динара Отарбаева, жеке кәсіпкер Мырзадәулет Есжанов және «Космос» колледжінің директоры Әнуар Дәуленбаев әлеуметтік тұрғыдан қорғалуы тиіс 12 оқушыға жаңа оқу жылының қарсаңында арнайы әзірленген сыйлықтарын таратты.

Соңғы жаңалықтар