11:02, 06 Сәуір 2010 | GMT +5
Қармақшылық диқандар техникаларды жаңалауға мән беріп отыр
ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 16-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қармақшылық диқандар техникаларды жаңалауға баса назар аударып келеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазір олар көктемгі егіс жұмыстарына қажетті 300-ден астам тракторлар мен басқа да техникаларды тиімді пайдалануда. Оның 49-ы өткен жылы лизингтік жолмен әкелінсе, биыл тағы да 36 техникаға тапсырыс жасалған. Бұл ретте аймақтың негізгі дақылы күріштен жыл сайын мол өнім жинап, қаржылық қауқарын күшейткен «Жаңажол», «Тұрмағанбет» және «Достық жер МК» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері ерекше белсенділік танытып отыр.