ҚарМТУ-дің 8 оқытушысына мемлекеттік гранттар берілді

ҚАРАҒАНДЫ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушылары «Жоғарғы оқу орнының ең үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына ие болды. Бұл туралы жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«2011 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған республикалық байқаудың қорытындысы бойынша ҚарМТУ-дің 8 оқытушысы ең үздік деп танылды. Ғылым мен педагогика саласында жеткен жетістіктері үшін оларға мемлекеттік грант берілді», - деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметі.

Мемлекеттік грантқа ие болғандардың ішінде 6 профессор мен 2 доцент бар.

«Бұл байқауға еліміздің 84 жоғарғы оқу орнынан 600-ден астам оқытушы қатысты»,- деп атап өтті ҚарМТУ-да.

Соңғы жаңалықтар