Қарттар күні Солтүстік Қазақстан облысының аудан және қала әкімдері соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулер өткізуде
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар облыстық басқармасы таратқан мәлімет бойынша, қарт адамдарға арналған айлық ішінде еңбек ұжымдары, клубтар, мектептерде кездесулер мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Материалдық көмек көрсетіледі. Кейбіреулер үшін азық-түлік, ал кейбірі үшін қысқа отын, үй жануарлары үшін жем-шөп түрінде беріледі. Сонымен қатар өзге де көмек түрлері қарастырылған.
Тұрғындары әлеуметтік қорғау жүйесінің интернат-үйлерінде тұрып жатқан қарт адамдар мен мүгедектер де назардан тыс қалмайды. Облыстағы мұндай адамдардың саны - 1 600. Олар үшін Қарттар мен мүгедектер күнінде көркемөнерпаздар ұжымдары қатысатын мәдени шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар интернат үйлердің тұрақты тұрғындарына жерлестері, атқарушы билік пен облыстың аудандары мен Петропавл қаласының халықты әлеуметтік қорғау қызметтерінің өкілдері де келіп, көңілдеріне демеу болмақ.