Қарттар мерекесі аясында майдангерге пәтер кілті табыс етілді
- Ел Президенті де әрқашан еңбектеген баладан, еңкейген қартына дейін ұлықтауды ұлы дәстүрге айналдырып, ұрпаққа үлгі етіп келеді. Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік. Қазыналы қарттарымызға әрдайым қамқорлық жасау - біздің басты парызымыз. Біз тек мереке күндері ғана емес, әрдайым қарияларымыздың әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігіне назар аударып отыруға тиіспіз. Алдағы уақытта да Сіздер жас ұрпақты тәрбиелеуде бізге жол көрсетіп, аталық ақыл кеңестеріңізді береді деген сенімдемін, - деген аудан басшысы қармақшы лық ардагерлерге құрмет көрсетіп, дастарқан жайды.
«Наурыз шапағаты» фестивалінің лауреаты, ауданның ұлағатты аналары - «Әжелер» ансамблі және бірқатар ардагерлер аудан әкімінің алғысхатымен марапатталды. Одан әрі аудан өнерпаздары мерекелік ән-шашуларын ұсынды.