Қарттарға қайырымдылық айлығы аясында 473 миллион теңгені көмегі көрсетілді - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы бойынша «Қазанның 1-і мен 31-і аралығындағы қайырымдылық айлығы» аясында өңірде 473 миллион теңгенің көмегі көрсетілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Осы уақыт аралығында бір мың адамға медициналық көмек қолы ұсынылып, 789-ның баспанасын жылыту мәселелері шешімін тапқан. 6,5 мыңға тарта қарттар мен аз қамтылған отбасыларының қосалқы шаруашылықтарына алдағы қыс маусымына қажетті жемшөбі жеткізілді. Көкшетау қаласында 35 Ұлы Отан соғысының майдангеріне жаңа пәтер кілті табысталды. Онда қарт жауынгерлердің денсаулығын қадағалап отыруға арналған медициналық емхана қарастырылған. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдар ардагерлерге арнап кездесу кештерін ұйымдастырып, дастархан жайып, сый-сияпаттарын берді. 
 
Игілікті іс-шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Соңғы жаңалықтар