17:01, 29 Сәуір 2011 | GMT +5
«Қару» операциясының төрт күнінде Жамбыл облысында жасалған 61 қылмыстың 55-і тез арада ашылды
ТАРАЗ. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - 25-28 сәуір аралығында өткен «Қару» операциясының төрт күнінде Жамбыл облысында жасалған 61 қылмыстың 55-інің ізі суымай ашылды,

деп хабарлайды Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
«Қару» операциясының барысында үстіміздегі жылдың 24 ақпаны күні такси жүргізушісіне қарулы шабуыл жасаған 28 жастағы қала тұрғыны қолға түсті.
Сондай-ақ Меркі ауданында екі ауыр қылмыс жасаған және Тараз қаласында ұрлық жасаған Тараздың 25 жастағы тұрғыны құрықталды.