Қарулы қылмыскердің бірі ұсталды, екіншісі іздеуде ? ОҚО

ШЫМКЕНТ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің қызметкерлері өлтіру мақсатында қастандық жасаған күдіктіні іздеу бойынша шаралар қолдануда.
None
None
Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне ОҚО ішкі істер департаменті ақпарат және тіл саясаты басқармасының бастығы Салтанат Қаракөзова хабарлады.Іздеуде жүрген азамат Сәдуақас Сапаров 1985 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының тумасы, бұрын сотталмаған. Полиция оның қаруы болуы мүмкін екендігін азаматтарға ескертеді. Оның белгілері: бойы 170-175 см, шымыр денелі, шашын қысқа етіп қидырған.Ол мамырдың 25-інде жасаған қылмысы үшін іздестірілуде. Сол күні жергілікті тұрғыннан Қазығұрт аудандық ішкі істер бөліміне оны ұрып-соққаны және атыс қаруымен өлтіруге әрекеттенгені туралы шағым түседі. Полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 24-96-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.Қазіргі уақытта Сәдуақас Сапаровтың 1983 жылы туған сыбайласы ұсталды. Одан 16-шы калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды.
Соңғы жаңалықтар