Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздары 3 пайызға ұлғайды
Онда 12,9 миллиард теңгенің 6 айлық МЕККАМ, 10 миллиард теңгеден 3 және 5 жылдық МЕОКАМ, 14 миллиард теңгеден 8 және 11 жылдық МЕУКАМ, 15 миллиард теңгенің 14 жылдық МЕУЖКАМ-ы орналастырылды. Бұл бағалы қағаздар бойынша тиімді кірістілік МЕККАМ-да 1,49 пайыз, МЕОКАМ-да 3 жылдықта - 3,73 пайыз, 5 жылдықта - 4,86 пайыз, МЕУКАМ-да 8 жылдықта - 5,98 пайыз, 11 жылдықта - 5,96 пайыз, МЕУЖКАМ-да инфляция деңгейінен 0,01 пайыз жоғары болды. Бұл аукциондардың нәтижесінде қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда 3 пайызға ұлғайып, 1590,9 миллиард теңгені құрады. Ал Ұлттық банк ноталарының эмиссия көлемі шілдемен салыстырғанда тамызда 46,2 пайызға ұлғайып, 358,4 миллиард теңге болды. Қысқа мерзімді ноталардың кірістілігі шілдедегі 1,33 пайыздан тамызда 1,15 пайызға дейін азайды. Айналыстағы ноталардың көлемі 0,8 пайызға ұлғайып, 971,8 миллиард теңгені құрады.