Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 1,3 пайызға ұлғайды -Ұлттық банк төрағасы

АЛМАТЫ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Маусым айында Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 4 аукцион болды.
None
None

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Онда 12 айлық МЕККАМ (7,2 миллиард теңге), 3 жылдық МЕОКАМ (6,7 миллиард теңге), 7 жылдық МЕУКАМ (12 миллиард теңге), 19 жылдық МЕУЖКАМ (12 миллиард теңге) орналастырылды. Тиімді кірістілік МЕККАМ бойынша - 2 пайыз, МЕОКАМ бойынша - 3,63 пайыз, МЕУКАМ бойынша - 6 пайыз, МЕУЖКАМ бойынша инфляция деңгейінен 0,01 пайыз болды.

Г. Марченконың айтуынша, Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда 1,3 пайызға ұлғайып, маусымның аяғында 1 498,5 миллиард теңге болды. Ұлттық банк ноталарының эмиссия көлемі мамырмен салыстырғанда 35,1 пайызға азайып, маусымда 174,6 миллиард теңгені құрады. Қысқа мерзімді ноталардың кірістілігі 1,01 пайыздан 1,28 пайызға дейін өсті. Айналыстағы ноталардың көлемі мамырмен салыстырғанда маусымның аяғында 5,8 пайызға азайып, 990,3 миллиард теңге болды.

Соңғы жаңалықтар