Қаржы полицейлері Атырауда құны 1 млрд.теңгені құрайтын ұрланған мұнайды тәркіледі
Қаржы полициясынан хабарлағандай, «Грэйт Ханбалық», «Мега Ойл Продукт» және «Наnkeldi Commerse» компаниялары жетекшілерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Олар 2011-2012 жылдар аралығында шикі мұнайды жалған құжаттар арқылы алған әрі сатқан, тасымалдаған, сақтаған және АМӨЗ-ге өңдеуге тапсырған деп күдіктелуде.
Жалпы жыл басынан бері жалған құжаттармен Атырау мұнай өңдеу зауытында өндіруге тапсырылған мұнайдың заңсыз айналымы оқиғасы бойынша компания жетекшілерінің үстінен 16 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық істердің аясында құны 1 млрд.теңгені құрайтын 9 мың тонна заңсыз мұнай анықталып, тәркіленді.
Сонымен қатар шикі мұнайдың сатылуынан алынған қаржылық операциялар және қаржылық келісімдер жасады деген күдікпен «Рetpoline» ЖШС жетекшілерінің үстінен де қылмыстық іс қозғалды.