17:25, 19 Наурыз 2013 | GMT +5
Қаржы полициясы «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады
АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 27 қарашада қары олициясы органдары «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ Семей қаласындағы филиалының бас бухгалтер Ж.Әленоваға, филиалдың бугалтерлік және салық есебі бөлімінің бастығы Т.Сахариевке,

бухгалтерлер Т.Кеенжина мен К.Төрегелдиевке қатысты 2006-2012 жылдардағы кезеңдерде еңбекке ақы төлеу қорын арттыру жолымен кәсіпорынның 236,4 млн.теңге қаражатын ұрлау Фактісі жөнінде қылмыстық іс қозғаған болатын.
Қылмыстық істі тергеу барысында бұл қылмысқа «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ бұрынғы экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті Н.Шыныбековтің қатысты екені анықталды.
2013 жылғы 15 наурызда оған қатысты аталған кәсіпорынның ақша қаражаттарын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
18 наурызда Шыныбеков ұсталды, оған бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде.
Қылмыстық іс тексерілуде, басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.