19:42, 05 Қаңтар 2012 | GMT +5
Қаржы полициясы бұрынғы полиция қызметкерін дәлелдемелерді бұрмалады деп айыптап отыр
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Қылмыстық кодекстің 348 бабы, 3 бөлімі бойынша ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің бұрынғы жедел уәкіліне қатысты қылмыстық іс қозғады.
Қаржы полициясы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, бұрынғы полиция қызметкері жедел-іздестіру материалдарды және дәлелдемелерді бұрмалау фактісі бойынша айыпталып отыр. Тергеу болжамдарына қарағанда, аталған қызметкер жеке тексеру барысында К. есімді азаматқа есірткі затын білдіртпей салып жіберіп, кейін оны айғақ ретінде тәркілеген. Қылмыстық әрекеттің салдарынан К.есімді азамат заңсыз үш жылға сотталды.