Қаржы полициясы «нұротандықтармен» бірлесе отырып Қостанай қаласында азаматтарды қабылдау жұмысын жүргізді
Осы іс-шара арқасында азаматтар мен кәсіпорындардың өкілдері Мемлекет басшысына есеп беретін мамандандырылған құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен жеке кездесіп, барлық мемлекеттік органдар қызметкерлері тарапынан жасалған сыбайлас жемқорық фактілері туралы арыздарын айтып, экономика саласындағы қылмысқа қарсы шаралар туралы сұрақ қоя алды.
Партия мүшелерімен қатар, азаматтарды қабылдауға Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Самат Әшімбаев, Қостанай облысы бойынша Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы Жанұзақ Сабыржанов, «Нұр Отан» ХДП Қостанай филиалының төрағасы Серік Бектұрғанов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің төрағасы Сергей Жалыбин қатысты.